Ригадағы апатты супермаркеттің орнына мемориал тұрғызылады

АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - Ригада апатты болған супермаркеттің орнына қаза болған адамдарға естелік ретінде мемориал бой көтеретін болады.

Қалалық билік аталған супермаркетті басқарған компаниямен келісімге келіп, оның орнына енді дүкен тұрғызылмайтын көрінеді. Естеріңізге сала кетейік, 21 қарашада супермаркет шатырының опырылуы салдарынан 54 адам опат болған еді, оның ішінде үшеуі құтқарушылар. Апаттың себебі осы күнге дейін анықталған жоқ. Бұл қайғылы оқиғаға байланысты Латвияның премьер-министрі Валдис Домбровскис және Экономика министрлігінің құрылыс саласын қадағалайтын мемлекеттік хатшы Юрис Пуце отставкаға кетті.