деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Автошеруге қатысып жатқан Италиядағы Парма университетінің ғалым-құрастырушылары адам басқармайтын автомобиль ойлап шығарып, бұл жаңалықтарын Шанхайда өтетін ЭКСПО-2010 автокөрмесінде таныстырмақшы. Күн сәулесінің қуатымен жүретін шағын мобильдерді толығымен компьютер басқарады. Ол мәшинеге орнатылған арнайы бейнекамералар жан-жақтағы кедергі-тосқауылдарды анықтап, оңтайлы жолды таңдап отырады. Автомобильдер сағатына 50 шақырым жылдамдықпен жүре алады.
Ресейдің Ростов облысының аумағынан өткен автошерушілер Қазақстанға дейін әлі 10 мың шақырымдай жол жүреді. Итальяндық өнертапқыштар Қазақстанға 2-3 аптадан кейін келеді деген болжам бар. Бұл, әрине, күн райына да тікелей байланысты.