Сарапшылардың айтуынша, Милан мен Римдегі желсіз ашық күні қалың мұнар басып тұруы ауа ластануы деңгейінің тиісті нормадан елеулі асып кетуіне байланысты.
Дүйсенбі және сейсенбі күндері Римнің барлық көшелерінде алты сағат бойы автомобиль қозғалысы жабылады. Миланда келесі аптада үш күн бойы автомобильмен қозғалуға тыйым салынады.
Екі қалада да билік қоғамдық көлікте жүру билеттері бағасын шұғыл азайтуға пәрмен берді - сөйтіп, адамдар автобустар мен метроға көшеді деп үміт етуде.
Бұдан бұрын да итальяндық қалалардың өкімет орындары тақ және жұп нөмірлі машиналарды әр күндері жүргізіп, автомобиль қозғалысын шектеу арқылы ауа ластануымен күресуге тырысып бақты. Алайда бұл шаралар тиісті нәтиже бермеді.