АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Қолдан жасалған шағын жарылғыш зат Рим орталығында іске қосылып, ғимарат пен автотұрақтағы көліктерге зақым келтірді. Бұл туралы жергілікті полиция хабарлады.
Оқиға салдарынан адамдар зардап шеккен жоқ. Жарылыс болған көшеде мейрамхана мен шіркеу орналасқан. Бұл шіркеу «Францияның иманды мекемелері» діни ұйымының қарауында екен.
Осы оқиғаға байланысты нұсқалардың бірінде француздық президент Франсуа Олландтың Ватиканға алдағы сапарына қатысты болуы мүмкін екені айтылуда.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.