Рим Папасы Франциск Рождество қарсаңында барлық қарулы қақтығыстарды тоқтатуға үндеді

АСТАНА.KAZINFORM — Рим Папасы Франциск жексенбілік дұғасында Украина мен Газа секторындағы мектептер мен ауруханаларды аяусыз бомбалауды айыптап, барлық соғыстардағы атысты тоқтатуға шақырды. Бұл туралы Голос Америки хабарлады. 

Фото: golosameriki.com

— Қару үні жойылып, Рождество әндері басталсын! Рождество күні Украинада, Киелі Жерде, Таяу Шығыста және бүкіл әлемде соғыс тоқтасын деп дұға етейік, — деді Франциск жексенбі күні понтифик.

Франциск «мектептері, ауруханалары мен шіркеулері аяусыз қиратылып, әбден тозған Украинаны» еске алды.

Сондай-ақ ол Газа туралы ойлаған кезде қандай ауыртпалық сезінетінін білдірді.

Балаларды автоматпен атып, мектептер мен ауруханаларды бомбалау — қандай қатігездік, — деді ол.

Жексенбілік дұға жасау рәсімі ғимарат ішінде өтті. Ватикан мұны сырттағы салқын ауа райымен және Франциск үшін алдағы аптаның тығыздығымен байланыстырды.

Сейсенбі күні 88 жастағы понтифик өзі Қасиетті жыл деп жариялаған жылдың басталуына арналған іс-шараларға, сондай-ақ Әулие Петр соборындағы Рождество күніне арналған шараларға қатысады. Бейсенбі күні ол қасиетті жылды ашып бру үшін Римнің бас түрмесіне барады.

Франциск әсіресе қыс айларында бронхит салдарынан жапа шегеді. 2023 жылы ол ауруханаға түсіп, ем қабылдаған. Жас кезінде оның өкпесінің бір бөлігін алып тастаған, сол себепті әсіресе жаяу жүргенде немесе шаршаған кезде жиі ентігіп қалады.