Рим Папасы Израиль мен ХАМАС-ты тез арада келісімге келуге шақырды

АСТАНА. KAZINFORM – Рим Папасы Франциск Израиль мен ХАМАС-ты атысты тоқтату және кепілге алынғандарды босату туралы ұсыныстарды дереу қабылдауға шақырды, деп хабарлайды Euronews. 

Фото: Euronews

Ол келесі аптада гуманитарлық көмек конференциясын өткізетін Иорданияға алғысын жеткізіп, Газадағы палестиналықтарға шұғыл гуманитарлық көмек жеткізуін cұрады. 

Понтифик келіссөз оңай өтпейтінін мойындағанымен, екі тарап та атысты тоқтату туралы ұсынысты қабылдайды деп үміттенетінін айтты. 

Ол сондай-ақ Мьянма туралы айтып, сенушілерден елдегі тыныштық үшін дұға етуді ұмытпауды сұрады.