- Бронхоспазм тыныс алу жүйесінің нашарлауына әкелді. Понтификтің өкпесіне жасанды желдету берілді, - делінген хабарламада.
Ватикан ақпарат көздеріне сәйкес, клиникалық көріністің қаншалықты нашарлауы мүмкін екенін түсіну үшін 24-48 сағат қажет.
88 жастағы Франциск 14 ақпаннан бері пневмониямен ауруханада жатыр. 22 ақпанда оның тыныс алуы нашарлап, қан құйылды. Артынша жағдайының сәл жақсарғаны байқалды.
Бұған дейін Рим папасының денсаулығы жайлы жазған болатынбыз.