Осыған дейін Римде жұмыс сапарымен жүрген Далай-лама понтификпен кездесуді сұраған.
Ватикан өкілінің сөзіне қарағанда, папаның тибеттік буддистерге қарым-қатынасы жақсы болғанымен, белгілі себептерге байланысты бұл өтініш орындалмады.
Сараптамашылар атап өткендей, Ватикан ҚХР-мен арадағы қарым-қатынасты нығайту шараларына кедергі келтіргісі келмейді.
Қытай билігі Далай-ламаны сепаратист деп айыптап, оның саяси лидерлермен кездесуін құптамайды.