Рим Папасы исламды зұлымдықпен шатастырмауға шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рим Папасы Франциск дінге сенушілерді ислам мен зұлымдықты шатастырмауға шақырды, деп хабарлады Reuters.

«Мұсылмандық зұлымдықты айту ұнамайды. Өйткені әр күні газет беттерін ашқанда Италияда біреу өзінің сүйіктісін, біреу енесін өлтірді деген ақпаратты оқып отырамын. Мұны істеген католиктер. Егер мұсылмандық зұлымдық туралы айтатын болсақ, онда  католиктік зұлымдық туралы да айтқан жөн», - деді ол.

Сондай-ақ ол терроризмнің пайда болуына ақшаны аса дәріптеу, әлемдік экономиканың орталығы ретінде адамды емес, ақшаны ұлықтау лаңкестікті тудыруға себеп болғанын айтты.