Олардың арасында Рим папасы Франциск, АҚШ ұлттық барлау агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден және пәкістандық құқық қорғаушы Малала Юсуфзай бар, деп хабарлады Интерфакс.
Ослодағы зерттеу институтының директоры Кристиан Берг Харпвикеннің пікірінше, понтифик осы айтылған үшеудің арасында алда келеді, өйткені ол кедейлердің жағдайына баса назар аударуда, сондай-ақ экономикалық ресурстарды қайта бөлу қажеттігін жақтайды.
Сноуден американдық арнайы қызметтерді әшкерелеуде атағы шықты. Ол ықтимал үміткерлердің арасында екінші орында тұр. Дегенмен сарапшының атап өтуінше, оның лауреат болуға үміті үлкен емес, өйткені «көпшілігі осы уақытқа дейін оны сатқын және қылмыскер» деп есептейді.
Негізгі үміткерлер үштігін пәкістандық 17 жастағы Юсифзай тұйықтауда, ол өз елінде әйелдер құқығын қорғауда. 2012 жылы құқық қорғау қызметіне байланысты оған қасқандық та жасалды.
Биылғы жылы Нобельдік бейбітшілік сыйлығына үміткерлер қатары рекордтық көрсеткішке - 278 адам мен ұйымға жетті. Нобель комитеті лауреатты 10 қазанда жариялайды. Сыйлық 10 желтоқсанда, Ослода оның негізін қалаушы швед өнертапқышы Альфред Нобель қайтыс болған күні тапсырылады.