Осы қадамы арқылы понтифик - Буэнос-Айрестің бұрынғы архиепископы - «қиындыққа душар болған барлық адамдармен рухани жақындығын, жомарттығын және қолдау көрсетуге даярлығын» білдірді, деп жазады шетелдік интернет -БАҚ.
Еске сала кетейік, ел астанасы - Буэнос-Айрестен 60 шақырым тұста орналасқан Ла-Плата қаласында орын алған су тасқыны кезінде құрбан болғандарды еске алу үшін Аргентинада үш күндік аза тұту жарияланды.
Провинция губернаторы Даниель Счиолидің айтуынша, бұл тасқын Аргентина тарихындағы ең ауқымды табиғи апат болып табылады.