Рим папасымен бірге ас ішкен қауіпті қылмыскерлер қашып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Италиядағы Болонья қаласында Рим папасы Францисконың келуі құрметіне орай жайылған қайырымдылық асынан кейін екі сотталушының зым-зия жоқ болғандығы анықталды.

Түскі асқа мыңдаған адам шақырылған. Шара соңында түрме бақылаушылары   қауіпті қылмыскер саналатын екі Неаполь тумасының қашып кеткендігін анықтады, деп жазады Il Resto del Carlino.