Рим Папасының латынша жүргізілетін Twitter парақшасындағы оқырман саны 1 млн-нан асты

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Рим Папасы Францисктің Твиттер әлеуметтік желісінде латын тілінде жүргізілетін парақшасының оқырмандар саны 1 млн адамнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі италиялық баспасөзге сілтеме жасап.

Тоғыз жыл ішінде понтифик @Pontifex_it аккаунтында 3,8 мыңнан астам хабарлама («твит») жазған. Алғашқы сегіз хабарламаны 2012 жылдың желтоқсанында XVI Бенедикт жазып қалдырған.

«Құрметті достар, Twitter желісінде сіздерге қосылғаныма қуаныштымын»,- деп жариялады танымал әлеуметтік платформада өзінің алғашқы жазбасын XVI Бенедикт.

Сол кезден 24 қазанға дейін бұл парақшаға жазылушылар саны бір миллионнан асты.

Vatican news порталының хабарлауынша, Ватиканда итальян тілімен қатар латын тілі ресми тіл саналады.