Рим Папасының Ұлыбританияға сапары басталды
19:10, 16 Қыркүйек 2010
АСТАНА. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат - Рим Папасы Бенедикт XVI қыркүйек айының 19-ыншы жұлдызына дейін созылатын Ұлыбританияға мемлекеттік сапарын бастады.
Бұл бес ғасырдан бергі Альбиондағы Әулие Престол басшысының алғашқы ресми сапары, сондай ақ, бұл тіпті понтификтің Біріккен Корольдікке жасаған алғашқы сапары. Сапар британ монархының шақыруы бойынша жүзеге асырылып, мемлекеттік деген мәртебеге ие болып отыр, деп жазады Вести. Ру агенттігі.
Аталған сапардың мәні де, мағынасы да ерекше болатыны экуменистік сипаты болғандықтан. Ұраны ретінде латынның ағылшын кардиналы Пол Ньюменттің Cor ad Cor loquitur сөзі таңдалды ("Жүрекпен жүрек үндеседі"). Ол Папаның келу сапарындағы ең маңызды бағдарламаның салтанаты ретінде жарияланып отыр.