ҚР Президенті Ватикан басшысы, Рим Папасы Францискке елімізге жасаған тарихи сапары және съезд жұмысына белсене қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.
«Сіздің зор дауысыңыз бен қуатты үндеуіңіз әлемнің көптеген миллион адамы үшін сенім мен шабыттану көзіне айналарына сенімдімін. Қазақ халқының және жеке өз атымнан тағы да шынайы алғыс білдіремін. Съезд жұмысына өзіңіздің белсене қатысуыңыз біз үшін зор мәртебе. Сіздің әлем жұртшылығына арналған үндеуіңіз жер жүзіндегі миллиондаған адамға үміт пен сенім сыйлағаны анық», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.