Қазақстандық теннисші төртінші айналымда кезінде әлемдік рейтингіде көш бастаған, қазіргі кезде 130-орындағы чехиялық, 34 жастағы Каролина Плишковаға тап келді.
Қарсыластар осыған дейін өзара төрт рет кездесіп, соның бәрінде Рыбакина басым түскен еді.
Бұл жолы бірінші партияда Елена тәжірибелі спортшыға еш амал қалдырмады – 6:0.
Екінші сетте Рыбакина 3:0 есебімен алға кеткенімен, Плишкова қатарынан екі гейм алды. Дегенмен Елена тағы қос бірдей брейкке қол жеткізді – 6:2.
Небәрі 59 минутқа созылған бәсекеде Е.Рыбакина 1 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың алтауын құр жіберген жоқ. К.Плишкова 2 эйс, 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) көзге түсті.
Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 10-ракеткасы, украиналық Элина Свитолинамен таласады. Ол төртінші айналымда рейтингіде 94-орындағы чехиялық, 20 жастағы Никола Бартунькованы қапы қалдырды – 6:2, 6:3.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Рим турнирінің төртінші айналымына жолдама алғанын жазған едік.
Елена Рыбакина биылғы маусымда бірегей көрсеткішке қол жеткізді.
Тимофей Скатов Испаниядағы турнирде жергілікті теннисшіні жеңді.