Римде америкалық туристерді вандализм үшін қамауға алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рим полициясы АҚШ-тың екі турисін Колизей қабырғасында өз аты-жөндерін ойып жазғаны үшін қамауға алды, деп хабарлады CNN италиялық La Stampa газетіне сілтеме жасап.

Бұл құқық бұзушылық туралы өзге туристер хабарлаған. Олар 21 және 25 жастағы әйелдердің қабырғаға жазып тұрғанын байқаған. Оларды ұстағанға дейін америкалықтар көне амфитеатр қабырғасының фонында селфи жасап үлгергені хабарланды.

Енді олар қомақты айыппұл төлеуге мәжбүр болады.

Өткен жылы осындай құқық бұзушылыққа ресейлік турист барған болатын. Бұл әрекеті үшін ол 20 мың еуро айыппұл төледі.