Римде қираған мұнара астынан шығарылған жұмысшы ауруханада қайтыс болды

Фото: pexels

АСТАНА. KAZINFORM — Римнің тарихи орталығында ортағасырлық Torre dei Conti мұнарасының бөлігі құлағаннан кейін 12 сағатқа жуық уақыт бойы үйінді астында қалған румын жұмысшысы ауруханада көз жұмғанын ANSA агенттігінің денсаулық сақтау жүйесіндегі дереккөздері хабарлады, деп жазды ВВС.

Ауруханаға жеткізілген ер адамның жағдайы өте ауыр деп бағаланған, деп жазады басылым. Ақпараттарға сүйенсек, оның жүрек соғысы жедел жәрдем көлігінде-ақ тоқтаған көрінеді. Жарақат алған адамға реанимациялық шұғыл шаралар жасалып, ауруханаға жеткізілген.

Кейінірек белгілі болғандай, үйінді астынан бірден шығарылған тағы бір жұмысшының да Румынияның азаматы болып шықты. Оның жағадайы ауыр деп бағаланғанымен, өміріне қауіп төндірмейтін жарақаттармен ауруханаға жатқызылған.

Еске сала кетейік, Римде қираған көне мұнара үйіндісінің астында жарты тәулік бойы жатып қалған жұмысшы сыртқа шығарылып, дереу ауруханаға жеткізілгенін жазғанбыз.