АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық маман Ринат Алюетов түркістандық «Тұран» командасына бас бапкер қызметіне тағайындалды.
Р. Алюетов 1989 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Катон-Қарағай ауданында дүниеге келген.
Бапкерлік жолын 2019 жылы «Алтай» сапында бастаған.
«Жетісу», «Елімай», «Женис» командаларының бас бапкері қызметін атқарған.
Былтырғы маусымда астаналық «Женис» клубын Премьер-лигаға шығарды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Дмитрий Парфенов «Ақтөбе» командасының бас бапкері қызметіне тағайындалды.
Сондай-ақ, бас бапкер Андрей Карпович Семейдің «Елімай» командасына жетекшілік жасайды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.