Рината Сұлтанова тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
19:58, 05 Ақпан 2026
АСТАНА. KAZINFORM - Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Рината Сұлтанова Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды.
Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет ресми сайтында мәлім етті.
Отандасымыз 20 шақырымдық жекелей сайыста топ жарды.
Екінші орынды Гонконг өкілі И Уин Леунг иеленсе, қола жүлде Қытай спортшысы Хао Чжанға бұйырды.
Азия чемпионаты 12 ақпанға дейін жалғасады.
Осыған дейін Алматыда 2029 жылғы қысқы Азия ойындары өтетіні туралы жаздық.