Рио-2016: Ғалымжан Өсербаев жартылай финалға шықты
21:29, 19 Тамыз 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейродағы Олимпиадалық ойындарда қазақстандық палуан Ғалымжан Өсербаев еркін күрестен жартылай финалға шықты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
Ол 2014 жылы Ташкентте өткен ӘЧ-да күміс жүлде еншілеген Сосукэ Такатаниді жеңді - 4:3.
Бұған дейін Ғалымжан молдавиялық Евгения Недялконы қапы қалдырған болатын.