РИО-2016 қорытындылары: Өзбекстан жалпы есепте Қазақстанның алдын орады

None
АСТАНА-РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат - Рио Олимпиадасының соңғы күні Қазақстанның құрамасын медаль саны бойынша жалпы есепте Өзбекстан басып озды. Олимпиаданың қорытынды кестесінде біздің құрама 21-орыннан 22-орынға жылжыды.

Еске сала кетсек, Олимпиаданың соңғы күні Өзбекстан құрамасы бокстан 2 алтын медальға қол жеткізді. 52 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шыққан боксшы Шахобидин Зоиров финалда ресейлік Михаил Алоянды 3:0 есебімен ұтты.
Сондай-ақ Фазлиддин Гаибназаров әзербайжандық Лоренсо Сотомайордан басым түсті. Осы екі жеңіс Рионың медальдар есебінде Өзбекстанның орнын жоғарылатты. Қазір өзбектердің қоржынында - 4 «алтын», 2 «күміс» және 7 қола жүлде бар.