РИО-2016: Мамед Ибрагимов ширек финалда ұтылды
19:58, 21 Тамыз 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақтағы Қазақстан құрамасының мүшесі Мамед Ибрагимов ширек финалда грузиялық Элизбар Одикадзеге 1:6 есебімен ұтылды.
Бұған дейін қазақстандық 1/8 финалда Венесуэла балуаны Хосе Даниэль Диас Роберттимен белдесіп оны ұтқан болатын.