Рио-2016: Нұрислам Санаев «қола» үшін таласқа түсетін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио Олимпиадасында 57 келі салмақта өнер көрсетіп жатқан қазақстандық еркін күрес шебері Нұрислам Санаев «қола» жүлде үшін таласқа түсетін болды.

1/8 финалдық кездесуде оны грузин Владимир Хинчегашвили жарыс жолынан тайдырған болатын. Алайда дәл осы қарсыласы финалға шығуы жерлесімізге жұбаныш кездесулеріне қатысу мүмкіндігін сыйлап отыр.

Еске сала кетейік, Владимир Хинчегашвили Нұрисламнан 3:4 есебімен басым түскен болатын.