Рио-2016: Ольга Рыпакова финалға өтті

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жеңіл атлетші Ольга Рыпакова Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында үш басып секіру сайысында финалға өтті.

Бүгін Олимпиада аренасында сынға түскен Лондон Олимпиадасының чемпионы, отандасымыз Ольга Рыпакова бірінші мүмкіндігінде - 14,10 көрсеткішімен төртінші орынға көтерілген болатын, кейін екінші мүмкіндігінде - 14,39 көрсеткішімен екінші орынға көтеріле алды. Бұл оның бірден финалға өтуіне мүмкіндік берді. Әзірге жарыс жалғасуда. Ең үздік нәтижені колумбиялық жеңіл атлет Катрин Ибаргуэн өрсетті. Оның секірген ұзындығы - 14,52. Финал 15 тамызда Астана уақыты бойынша 05:55 сағатта өтеді.

Соңғы жаңалықтар