АҚШ спортшысы 208,0 балл нәтижесімен олимпиадалық рекорд орнатып, еліне бірінші алтын жүлдені алып берді.
Екінші орыннан қытайлық Ду Ли (207,0) көрінсе, үшін орын да ҚХР спортшысы И Сылинге (185,4) бұйырды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 10 метрге пневматикалық винтовкамен ату бойынша әйелдер арасындағы іріктеу жарысында Қазақстан намысын қорғаған Елизавета Король 37-ші орын алған болатын.
21:08, 06 Тамыз 2016
Рио-2016: Олимпиадада бірінші «алтын» АҚШ-қа бұйырды
АСТАНА - РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат - Олимпиада ойындарында 10 метрден пневматикалық винтовкадан атудан әйелдер арасында алғашқы медальдар сарапқа салынып, америкалық Вирджиния Трэшер Рио-2016 додасының бірінші «алтынын» иеленді.