РИО-2016: Руслан Жапаров қола үшін тартыста ұтылып, жүлдесіз қалды

None
РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат - Бүгін Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында +80 келі салмақтағы таэквондошымыз Руслан Жапаров қола жүлде үшін таласта ұтылып, жүлдесіз қалды, деп хабарлады, Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.

Ол медаль үшін бәсекеде оңтүстіккореялық Чха Дон Миннен жеңіліп қалды. Осылайша таэквондошыларымыз да жарысты жүлдесіз аяқтады.

Еске сала кетсек, қазақстандық таэквондошы, ұлттық құраманың туын алып шыққан Руслан Жапаров Риода жүлдеге қол жеткізеді деген жанкүйерлерінің үмітін ақтай алмаған болатын. Ол тісқаққан азербайжан  спортшысы Радик Исаевпен кездесіп, қарсыласы оны айқын басымдықпен ұтты, есеп - 11:2. 

Кейін Радик Исаев финалға шығуына байланысты қола жүлде үшін айқасуға мүмкіндік алған еді.