Рио-де-Жанейро мэрі Олимпиада алауы эстафетасына қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейро мэрі Эдуард Паэс осы қала аумағындағы Олимпиада алауы эстафетасының алғашқы қатысушысы болды, деп хабарлайды ТАСС.

Олимпиада- 2016 алауының астанаға келгеніне арналған салтанатты рәсім Гуанабара шығанағы жағалауында өтті.

Бразилия желкенді спорт құрамасының 7 қатысушысы жағылған лампаны жағалауға жеткізді. Бұл жерде оларды қала мэрі зайыбы Кристин Паэспен және балалары Бернард,  Изабелламен бірге қарсы алды.

Эдуард Паэс лампададан алауды жағып, портты аймақта бірнеше минут жүрді де эстафетаны 15 жасар спорттық училищенің студенті Ребеке Мораэс дус Сантосқа тапсырды.

Бұдан соң олимпиада алауы жақында Сантос-Дюмон әуежайы аумағында іске қосылған трамвай арқылы қала орталығына апарылды.