Журналистердің хабарлауынша, Жаңа жылға екі сағат қалғанда Копакабана жағажайында Олимпиада логотипінің ресми түрде тұсаукесері өткізіледі. Салтанатты шараға Халықаралық олимпиада комитетінің мүшелері мен Рио-де-Жанейро билік басшылары қатысады. 2016 жылғы жазғы олимпиада ойындары Бразилия тарихында тұңғыш рет өткізілгелі отыр.
13:17, 31 Желтоқсан 2010
Рио-де-Жанейро Олимпиадасының эмблемасы жұртшылыққа Жаңа жылға екі сағат қалғанда таныстырылады
АСТАНА. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2016 жылғы Олимпиада ойындарының эмблемасы қоғам өкілдеріне алғаш рет 31 желтоқсанда көрсетіледі. Бұл туралы әлемдік спорт басылымдары хабарлап отыр, деп жазады Утро.ру.