Рио-де-Жанейро жаңбыр суының астында қалды

None
АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Толассыз ақ жауын Рио-де-Жанейроның су астында қалуына себеп болды.

Соңғы екі тәулік ішінде бразилиялық мегаполисте жауын-шашынның бір айлық мөлшері түскен. Соның нәтижесінде толықтай кварталдар су астында қалып отыр. Тұрғындар кейбір көшелерден тіпті жүзіп өтуге мәжбүр, деп хабарлайды ВЕСТИ.ru.

"Қолайсыз күн райы қаншама көлік жүргізушілерін жол үстінде қалдырды. Судың тұтқынынан бәрі бірдей шыға алмаған, кейбіреулеріне көмекке құтқарушылар жөнелтілді. Қоғамдық көліктер жұмысында да күрделі ауытқулар бар - автобустар жүрмейді десе де болады. Жергілікті билік тұрғындардың сақ болуын өтінеді. Аймақта көшкін жүруі мүмкін деген қауіп жарияланды", - деп хабарлайды "Россия-24″ телеарнасы.