Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.
Оқиға Лушембурго бағдаршамның қызыл жарығына тоқтаған кезде орын алған. Тонаушы мотоцикльмен келіп, жаттықтырушыны қарумен қорқыта отырып, сағатын тартып алған. «Негізі мен брондалған көлікпен жүретінмін. Бірақ осы жолы жай машинамен келе жатқан едім. Қылмыскер тапаншасын менің бетіме тақап, өлтіргісі келмейтінін, бірақ өмір сүруге ақша табуға мәжбүр екенін айтты», - дейді ол.
Айта кетейік, қазір 62 жастағы маман «Фламенго» клубын басқарады.
Лушембурго бразилиялық футбол тарихында өзіндік рекорд орнатқан адам. Ол басқарған «Крузейро» клубы бір маусымда Бразилия чемпионатын, ел Кубогын және штат чемпионатын ұтып алды. Сондай-ақ төрт клубты бес рет Бразилия чемпионы атандырған. Биылғы шілдеде ол өз мансабында төртінші рет «Фламенгоның» бас бапкері атанды. Ал 2004- 2005 жылдарда мадридтік «Реалды», 1998-2000 жылдарда Бразилия құрамасын жаттықтырды.