Рио-де-Жанейрода карнавал басталды

АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Жұма күні Рио-де- Жанейрода карнавал басталды. Бразилиялықтарды онсыз көз алдымызға елестете алмайтын бұл шара ғаламшардағы ең жарқын мереке болып табылады.

Рио мэрі қаланың кілтін карнавал монархына - арнайы сайланған Мом патшаға ресми табыс етті, деп хабарлады ИТАР-ТАСС агенттігі.

Мом патша карнавал кезінде ғана қаланы басқарады. Және ол барша халыққа тек ойнап-күлуге ғана бұйрық береді.

Карнавалдың басты оқиғасы - самба биі мектептерінің шеруі. Карнавалды тамашалау үшін Бразилияға бұл күндері әлем елдерінен 760 мыңдай турист келіп отыр.