Рио-де-Жанейрода метро құрылысын жүргізу кезінде құнды жәдігерлер табылды

АСТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - Рио-де -Жанейрода метро құрылысын жүргізу кезінде іші қазынаға толы он шақты сандық табылды, деп хабарлайды segodnya.ua сайтынан.

Археологтардың айтуына қарағанда, 200 мыңнан аса бұл бағалы заттар Бразилиядағы император отбасына тиесілі көрінеді. Сандықтың ішінде асыл тастар көп емес, алайда біршама құнды заттар кездеседі. Мысалы, піл сүйегінен жасалған, қылы жібек болып келетін тіс щеткасына «Бразилияның ұлы мәртебелі императоры» деген жазу сызылған.

«Бұндай олжа 100 жылда бір рет қана кездеседі. Бұл жәдігерлер сол заманның ақсүйектері мен патша өмірін тереңірек тануға мүмкіндік береді», - деді археолог Клаудио Парада де Мелло.