Салтанатты шара өтетін арнайы орында бишілер мен дабыл қағушылар жиналды. Бірақ биыл шаһардағы кей самба би мектептері қаржы тапшылығынан сайысқа қатыса алмайды. Себебі бір мектептің өзіне карнавалда өнер көрсетуі үшін бірнеше миллион доллар керек. Өйткені әрқайсысы төл қойылымы үшін мыңнан астам адамды тартуы мүмкін.
Ал биыл карнавал қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әскерилер жұмылдырылады. Шаһар билігі бұны әлемге әйгілі шараның оқыс оқиғасыз өтуі үшін қажет екенін айтады. Сондай-ақ ұйымдастырушылар биылғы карнавалды көруге 6 миллионнан астам адам келеді деп жоспарлап отыр.
«Кейбір самба мектептерінің қаржы тапшылығынан дайындыққа келіп қатыса алмауы өте өкінішті. Олар енді шара өтетін арнайы орынға келіп жаттығудың орнына өз ғимараттарында дайындалуға мәжбүр»,-деді жергілікті тұрғындардың бірі Лючия Брито.