«Биылғы алдымызда тұрған ең басты мақсат - 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына дайындалу, яғни, Бразилияда өтетін кезекті дүбірлі спорт жарысына жолдама алу. Бразилияда өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін ұлттық құрама командалар (соның ішінде Қазақстан спортшылары да) 43 Азия чемпионаттарына, 31 лицензиялы Әлем чемпионаттарына, 140 көп сатылы Әлем кубоктарына қатысады», - деп хабарлады министр.
Рио Олимпиадасынан тыс, 2016 жылы қазақстандық спортшылар сондай-ақ 70 құрлықтық, Әлем кубоктарының 52 кезеңіне қатысады.