1/8 финалда 27 жастағы қазақстандық Венесуэла балуаны Хосе Даниэль Диас Роберттимен белдескен болатын. Алғашқы минутта-ақ 7:0 есебімен көш бастаған жерлесіміз екінші кезеңде тағы төрт ұпай жинап, ширек финалға алдын ала жолдама алды. Жартылай финалдың жолдамасына ол грузин спортшысы Элизбар Одикадземен таласады.
19:23, 21 Тамыз 2016
Рио Олимпиадасындағы Қазақстан құрамасының соңғы балуаны ширек финалға шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еркін күрестен 97 келіде өнер көрсететін Қазақстан құрамасының мүшесі Мамед Ибрагимов Риодағы кездесуін жеңіспен бастады. Бұл туралы 24.kz телеарнасы хабарлайды.