Қырғызстанның дене тәрбиесі және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттігінен хабарлағандай, елдің премьер-министрі Темир Сариев олимпиададағы сәтті өнер көрсеткені үшін «біржолғы төлемақы» сомасы жөніндегі қаулыға қол қойды.
«Жеңімпазға 7 млн сом көлемінде сыйақы қарастырылған».
Бағам бойынша бұл шамамен $93,3 мыңды құрайды. Қырғызстанда Олимпиаданың күміс медалін еншілеген спортшыға 5 млн сомға ($66,6 мың.), ал қола медаль иегеріне 3,5 млн сом ($46,6 тыс.) сыйақы белгіленді, деп жазды КирТАГ.