Медальды сатып алушы табылды, деп хабарлады спортшы "Фейсбуктегі" парақшасында. «Сәттілік», - деп жазды ол.
Дегенмен нақты соманы атамады, алайда БАҚ медаль 126 мың долларға сатылғанын хабарлады.
Малаховский наградасын сататыны жайлы бірнеше күн бұрын хабарлаған. Ол Олек атты баланың анасынан оның ұлы қатерлі ісікпен ауыратыны жайлы хат алғанын жазды.
«Риода алтынға таластым. Бүгін барлығыңды одан да қымбат құндылыққа атсалысуға шақырамын», деп жазды ол.
Петр Малаховский - 2015 жылғы әлем чемпионы. Олимпиадалық ойындардың екі дүркін күміс жүлдегері, бірінші Олимпиадалық күмісін Бейжіңде ұтқан.