Рио Тинто компаниясымен Атырауда геологиялық зерттеулер орталығын құру туралы келісімге қол қойылады - Үкімет басшысы

АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат -Рио Тинто компаниясымен Атырауда геологиялық зерттеулер орталығын құру туралы келісімге қол қойылады.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында депутат Бақтыбай Шелпековтің сауалына жауап берген Серік Ахметов айтты.

С.Ахметовтің атап өтуінше, әлемдік компаниялардың бірі - Рио Тинтомен Атырауда геологиялық зерттеулер орталығын құру туралы келісімге қол қойылады.

«Менің ойымша, бұл - аталған мәселелерді халықаралық тәжірибелер деңгейінде барынша тыңғылықты зерделеуге мүмкіндік беретін қарлығаштардың бірі болады», деді Үкімет басшысы.