Риодағы олимпиада қалашығында Австралия құрамасын тонап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейрода олимпиадалық қалашықтағы үй-жайдың бірінде белгісіз біреулер австралиялық құрама команданы тонап кеткен.

 Бұл туралы rt австралиялық БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлады.

Келеңсіз жағдай өрт  кезінде және қауіпсіз жерге эвакуация жасалып жатқан шақта болған. Белгісіз біреулер осы сәтті пайдаланған көрінеді. Олар екі ноутбук пен футболкаларды жымқырып үлгерген.