Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Ұлттық құрама сапынан ең жоғарғы нәтижені Ришат Хайбуллин көрсетті.
Ол «жылдамдық» санатында іріктеуден іркілмей өтіп, 8-орын алды. Мұнда Әмір Маймуратов 38-ші, Бекнұр Алтынбеков 56-шы сатыға тұрақтады. Әйелдер арасында Тамара Олжабаева 29-орын алды.
Барлығы жарысқа «қиындық» және «жылдамдық» санатында 31 мемлекеттен келген таңдаулы 235 спортшы қатысты.
Айта кетейік, Ришат қазір «жылдамдық» санатында әлем рейтингінде 2497.0 ұпаймен 11-орында келе жатыр.