Роберт Гарсия: Головкин жасармайды, ал Канело ақыл тоқтата бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал бапкер Роберт Гарсияның пікірінше, Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен жекпе-жекті кейінге қалдырып, дұрыс жасап жатыр, деп жазады Sports.kz.

«Головкин өте күшті әрі мықты спортшы. Ол қазіргі таңда әлемдегі pound-for-pound үздік спортшыларының бірі болып саналады. Бірақ, Канело әлі жас. Ол Головкинмен өтетін айқасты күтіп, дұрыс жасап жатыр. Оңтайлы сәт келгенде, екеуінің айқасатынына сенімдімін. Альварестің GGG-ды ұтуына мүмкіндігі жеткілікті деп ойлаймын. Мүмкін, өткен жылы Головкин Канело үшін күштірек болған шығар, бірақ ол жасарып жатқан жоқ қой, ал Канело өте жас және парасат-пайымы кеңеюде», - деп айтты Гарсия On the Ropes Radio-ға берген сұхбатында.