Роберт Гарсия: Мен екеуінің де айқасын көрдім, Канело GGG-ті жеңеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атақты американдық жаттықтырушы Роберт Гарсия EsNews-ке берген сұхбатында қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) мексикандық Саул Альварес «Канелоның» (48-1-1, 34 КО) айқасы жайлы пікірін білдірді, деп жазады Sports.kz.

- Мен екеуінің де  айқасын көрдім, Канелло GGG-тен басым түсуі мүмкін деп айта аламын.  Егер жекпе-жек өтер болса, мен Канелоға қоямын. Ол жылдам, ал Головкин өзіне көп соққы жіберіп алады,-деп мәлім етті Гарсия.

Головкин - Канело айқасы қыркүйекке жоспарланған. Бұл туралы боксшылардың  промоутерлері - Том Лёффлер мен Оскар Де Ла Хойяның ауызша келісімдері бар.