АСТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат - 89 жастағы Роберт Мугабе елдің президенті ретінде жетінші мәрте ант қабылдады, деп жазады ВВС.
Шілдеде ол кезекті президенттік сайлауда жеңіске жеткен еді.
Зимбабвиялық көшбасшының қарсыластары сайлау нәтижелері жалған болды дегенді алға тартуда.
Өз кезегінде бұл елдің саясат ардагері сыншыларға сайлау нәтижесімен келісу керек екенін атап өткен. Айта кетейік, Мугабе Зимбабвені 1980 жылдан бері басқарып келеді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.