Робин Уильямс өлер алдында 4 фильмнің жұмысын аяқтап кеткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше танымал комедия әртісі Робин Уильямс 64 жасқа қараған шағында өмірден озды. Бүгін Калифорния штатының шерифтері оның өзіне қол жұмсағанын растады.

Әртіс бұған дейін 4 фильмге қатысты жұмыстарын аяқтап кеткен екен. Мәселен, «Музейдегі түн: Қабірдің құпиясы/"Ночь в музее: Секрет гробницы" фильмінде ол тіріліп кететін экспонаттардың бірі - Теодор Рузвельттің мүсінінің рөлін сомдаған. Басты рөлде Бен Стиллер ойнаған бұл картинаның түсірілім жұмыстары биыл мамыр айында аяқталыпты. Фильмнің тұсаукесері АҚШ-та желтоқсан айында өтіп, Ресейде 2015 жылдың қаңтарынан бастап көрсетілмек.

Бұдан басқа ол "Это, блин, рождественское чудо" атты комедия мен "Бульвар" фильміне түскен. Сондай-ақ, 2015 жылы жарық көретін "Все, как ты захочешь" фильмінде итті дыбыстаған. Ал, "Миссис Даутфайр" картинасында ол басты рөлді сомдаған, деп жазады Lenta.ru.