Робин Уильямстің шешімі дұрыс болмады, ондай ойдан қашыңыздар - Ирландия әншісі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирландия әншісі Шинейд О'Коннор Робин Уильямстің өзіне қол жұмсауы дұрыс еместігі туралы өлең жазды. Мұнысымен ол актердің фанаттарын да ондай суық ойдан сақтандырғысы келген, деп жазады Росбалт.

Жаңа өлеңін ол Лондонда осы аптада өткен кешінде айтып берді. «8 нақты дәлел» деп аталатын өлеңінде әнші өз басынан өткен суицид туралы, соған итермелеген ойларын және ондай сезімге ілеспей, өзін өзі тоқтатқанын жазған. Және тыңдарманға да дұрыстап ойланып, ондай шешімге бармау керектігін айтты.

Жаңа әнін орындар алдында: «Робин Ульямс таңдаған шешім - өте қате. Бұл тіпті дұрыс емес. Мен бүгінгі әнімді сондай ой кешіп жүрген жандарға арнаймын. Менің айтарым, дұрыстап ойланыңыздар, ондай қадамға бармаңыздар!», - деген ол.

Еске сала кетейік, 12 тамыз күні актер Робин Уильямс өзіне қол салып, қайтыс болды.