Роботты жеңіл операцияларға тестілеу маусым айында басталған болатын, алайда ол тұтынушылармен жұмыс жасамаған. Ал қазір ол банкке келушілердің көңілін аулайды. Бірақ ақша аударымы сияқты операциялар тапсырылмайды.
Тайвань банкі SoftBank-тен барлығы 20 роботты жалға алды. Механикалық көмекшілерді сатумен және қызмет көрсетумен айналысатын Perobot компаниясы құлтемірлерді айына 836 доллар төлеп, жалға алуды ұсынады. Тайваньдағы орташа жалақы 1 490 доллар шамасында.