Жапония тарихы, әлем тарихы және математикадан робот жоғары көрсеткіш көрсетті. Ал ағылшын және жапон тілдері бойынша тапсырған емтихандарының бағасы төмендеу болды.
Емтихан қабылдаған комиссия мүшелері Торобо-кун есімді роботтың ерекше қасиеттері бар екенін атап өтті. Роботты жасап шығарған ғалымдар енді оны елдегі ең беделді университтердің бірі - Токионың жоғары оқу орнына емтихан тапсыра алуы үшін қайта жетілдіруді көздеп отыр.