Роботты жасаушы Бейжің университеті командасының басшысының айтуынша, Сяо Нань шағын хабарлама ғана емес көлемді мақала жазуға да қабілетті екен. Оның ең басты ұтатын тұсы - мәліметтерді жылдам қорыта алады, әрі мәтін теріп уақытын жоғалтпайды. Алайда әзірге робот журналистерді алмастыра алмайды.
Өйткені ақылды машина сұхбат ала алмайды, сондай-ақ тақырыпқа қатысты сұрақтар қоя алмайды, деп хабарлайды Ecns.cn. Алайда жобаны жасаушылар болашақта тілшілерге арналған көмекші роботтардың пайда болатынына сенімді.