ОРАЛ. ҚазАқпарат - Астана қаласында өткен республикалық роботты техника олимпиадасында Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің шәкірттері жүлделі орындарды иеленді.
Оқушылардың техникалық-шығармашылық қабілеттерін дамытып, қолдауды мақсат ететін аталмыш олимпиада осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Айтулы додада Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінен барған Ербол Абай мен Әділет Бекетов қазына іздеу санаты бойынша бірінші жүлдені еншілесе, Асан Бекқалиев пен Әділет Бекетов екінші орыннан көрінді. Сондай-ақ шығармашылық санаты бойынша Динара Алманова мен Айдана Асанғалиева бірінші орынды жеңіп алды. Ал футбол санатында Арыстан Сабыр мен Мұратбек Болғанбаев төртінші орынға табан тіреді.
Енді бұл оқушылар ел құрамасы сапында Катарда өтетін халықаралық олимпиадаға қатыспақ.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).